цпаси, цпаси нур отан, нур отан, центр, центр политического анализа и стратегических исследований, аналитический центр, центр нур отан, аналитический центр партии нур отан, политика, цпаси нур отан

Руслан Пірназар, эксперт Отдела правовой аналитики Центра политического анализа и стратегических исследований партии «Нұр Отан»

Белгілі бір мемлекеттік мекемеде қызмет атқарып жүрген қызметші ерте ме, кеш пе, тікелей немесе жанама сипатта мүдделер қақтығысымен әйтеуір бір ұшыраспай тұрмайды. Себебі, біздің қоғамдық өмірімізде бұған жол ашып беретін салдарлар көп. Сондықтан, соңғы уақыттары бұл мәселеге айрықша назар аударыла бастады.

Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, транспаренттілік пен мемлекеттің есеп беріп тұруы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамда маңызды реформа ретінде айқындалды. Онда жемқорлықтың мемлекет пен мемлекеттік биліктің жұмыс жасаушы негізгі қағидаларына нұқсан келтіретіні атап көрсетілді. Осы ретте мемлекет пен қоғамды кең ауқымда жаңғыртудың жаңа кезеңінің Қазақстанда жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалатын жағдайларды азайтып, жойып жіберу жөніндегі кешенді, жүйелі жұмыстарды белсендіре түсетінін айта кетуіміз керек.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің түйінді тетіктерінің бірі – Үкіметтің және басқа да барлық мемлекеттік органдар жұмыстарының жариялылығы мен ашықтығы принциптерін жүзеге асыру мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының алдын алуға ықпал ететіні белгілі болып отыр.  

Жалпы, мүдделер қақтығысы дегеніміз – материалдық немесе басқа да әлеуметтік мәні бар игіліктерге қол жеткізу мақсатында сату және сатып алу әрекеттерін жасау немесе мемлекеттік билік уәкілдіктерін эквивалентті алмастырудың басқа да пішіндері. Мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызметшілердің билік уәкілеттілігін өзінің жеке мүддесіне пайдалануларынан көрінеді. Бұл жағдаяттың қаншалықты «терең» екені өз пайдасы үшін сондай қадамға барған мемлекеттік қызметшінің жеке басы арқылы ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі құқықтық, ұйымдастырушылық және адамгершілік тұрғысындағы «олқылықтарға» қатысты пайдакүнемдік факторлары арқылы айқындалады. 

Мүдделер қақтығысындағы басты салдар – лауазымдық функцияларды орындау сапасының төмендеуі, түрлі мемлекеттік және қоғамдық салалардың девальвациясы, көпшіліктің мүдделерін тәрк ету. Бұл кереғар құбылыс мемлекеттік қызмет құндылығына ғана қауіп төндірмейді, сонымен бірге, тұтастай алғанда мемлекеттің ұйымдастырушылық, құқықтық және адамгершілік негіздеріне елеулі нұқсан келтіреді. Ол көпшіліктің мүддесін жеке адам мүддесіне алмастырып, «заңмен жұмыс істеу» мен заң талаптарын орындауды, құпияларға ие және бұқаралық ресурстарға (материалдық, қаржылық, ақпараттық және т.б.) қолжетімділікке жеткізілген мемлекеттік қызметшілердің толеранттылық және теңдік принциптерін жекенің мүддесіне қарай бүлдіреді. 

Мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызметшінің ресми міндеттерін орындау кезінде өзінің жеке мүддесі үшін қызмет бабын пайдаланып, біреуге ықпал жасамақ әрекеті арқылы көрініс береді. Мемлекеттік қызметшінің өзі, оның отбасы, ата-аналары, достары немесе жақындары, іскерлік немесе саяси қарым-қатынасы бар жекелеген тұлғалар мен ұйымдар үшін артықшылықтар жасаған кез келген әрекеті оның жеке мүддесін көздегені болып табылады. Жеке мүддеге сондай-ақ аталмыш мемлекеттік қызметші мойнына алған кез келген қаржы немесе азаматтық міндеттеме жатады.

«Мүдделер қақтығысы» ұғымын түсіну оншалықты қиын болмаса керек, себебі «мүдде»  мен «қақтығыс» сөздерін түсінбейтін адам жоқтың қасы. Бірақ бұл тіркестің тұтастай алғанда қандай мағына беретінін ешкім дәл айтып бере алмайды. Ал шын мәнінде «мүдделер қақтығысы» мемлекеттік қызмет, жемқорлыққа қарсы күрес және нормативті құқықтық актілер туралы халықаралық, шетелдік және отандық заңнамада кездесетін барынша күрделі де көп мағыналы ұғымдардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетінде заң принциптерін, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативті актілерін, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларын басшылыққа ала отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтауға, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиіс. Осы тұрғыда, заңнамада «мүдделер қақтығысы» ұғымы бірінші кезекте мемлекеттік қызметте қолданылады. Сол сияқты, «мүдделер қақтығысы» ұғымы және олардың туындауын болдырмау тетіктері әдеттегідей Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларында өз түсіндірмесін береді. Яғни, «мүдделер қақтығысы» ұғымы Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары деңгейінде қарастырылған.

Келтірілген заңдарда мүдделер қақтығысының саласы, субъектілері мен ықтимал салдарлары анық және біртекті анықталған. Сонымен бірге, мүдделер қақтығысын реттеу жемқорлыққа қарсы маңызды тетік ретінде шетелде де кең қолдау тапты және осы тұрғыда Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын тізгіндеудің тиімді жолдары бүгінгі күнде зерделенуде.

Осы тұрғыда, жекелеген Еуропа мемлекеттерінде «мүдделер қақитығысын» алдын-алу және оларды болдырмау үшін арнайы заңдар қабылданғандығын атап өту қажет. Нақтылағанда, Сербия («Мүдделер қақтығысы туралы» Заң), Чехия («Мүдделер қақтығысы туралы» Заң), Хорватия («Жария-билік өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында мүдделер қақтығысын болдырмау туралы» Заң), Латвия («Лауазымды тұлғалар қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау туралы» Заң), Литва («Жариялы қызметте жеке және жариялы мүдделері туралы» Заң) және Молдовада («Мүдделер қақтығысы туралы» Заң) аталмыш жағдайға қатысты арнайы заңдар қабылданған.

Осы орайда, аталмыш мемлекеттердің оң тәжірибелерін қолданыстағы заңнамаларымызда кеңінен қолданып, мүдделер қақтығысының жағымсыз салдарларын төмендету үшін лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілерге оның шығу себебін, осыған мүмкіндік беретін жағдайларды табуды, қақтығыстың даму динамикасын анықтауды, тиісті шешім шығара білуді, қақтығысты текетірес деңгейін түсіруді үйрену қажет. Сол сияқты, мүдделер қақтығысы мемлекеттік емес ұйымдарда азаматтық-құқықтық қатынастар барысында орын алатындығын да атап өту қажет.

Поделитесь этой информацией в социальных сетях