цпаси, цпаси нур отан, нур отан, центр, центр политического анализа и стратегических исследований, аналитический центр, центр нур отан, аналитический центр партии нур отан, политика, цпаси нур отан

Салтанат Ермаханова, заведующий отделом социологических исследований Центра политического анализа и стратегических исследований при партии «Нұр Отан»

2017 жылдың 9-шы қазанында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі арнайы комиссия Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың назарына әліпбидің екінші нұсқасын ұсынды.

Мемлекеттік тілдің әліпбиін жаңарту – заманның талабы. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай, латыншаға көшу «қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты».

Қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиін дайындау – тарихи оқиға, аса маңызды және күрделі процесс. Мұндағы мақсат – әлемдік ақпараттық кеңістікте орын алып жатқан үдерістерді ескере отырып, мемлекеттік тілдің заман талаптарына сай дамуына жағдай туғызу. Латын алфавиті қазіргі күнде барлық континентте тараған. Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің үшеуі, ал Бүкіләлемдік сауда ұйымының үш ресми тілі де латын графикасына негізделгенін айтуға болады. Бұл реформаның еліміздің жаңғыруына, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге ықпалы зор.

«Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының үшінші тоқсандағы мәліметтеріне сәйкес, қазақстандықтардың 89,4%-ы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы хабардар. Олардың басым бөлігі бұл бастаманы мақұлдап отыр. Яғни қоғам тарапынан кең қолдау бар екені айқын.

Қазіргі таңда қоғамдық пікірталас латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қандай болуы керек сұрақ төңірегінде болып отыр. Жұртшылыққа ұсынылған екінші жобада бірінші нұсқаны талқылау барысында айтылған пікірлер мен сыни көзқарастартар ескерілген. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде екі нұсқа да кеңінен талқылануда. Әр жобаның өз жақтастары бар екені анық. Соңғы ұсынылып отырған жоба «бір әріп – бір дыбыс» қағидасына сүйенген. Мамандар қазақ тіліндегі тоғыз ерекше дыбысты жеткізуде апостроф қолдану шешімін ұсынып отыр.

Ешбір ел латын қарпіне өтуде жаппай талқылау жасаған емес. Расында, ол кезде заман талаптары басқа еді, қазіргідей әлеуметтік желілер кең тараған заман емес еді. Қазақстан ақпараттық қоғамның осы мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, осы реформаны кең талқыға салып отыр. Латын алфавитінің біркелкі стандартын қабылдауда ғалымдардың орны ерекше. Тіл заңдылықтарын ескеру мамандардың еншісінде. Алайда қоғамдық пікірдің де орны бөлек.

Президент әкімшілігіне келіп түскен 300 пікір бұл бастаманың ел болашағы үшін маңыздылығын және халықтың бей-жай қарап отырмағанын айқындайды. Рухани жаңғыру аясында қолға алынып отырған бастама – баршамызға ортақ мәселе және әрқилы салалардағы мамандардың қатысуын талап етеді.

Өңірлерді аралау барысында ақпараттық-насихат, түсіндірме жұмыстарының халық үшін маңызды екені байқалды. Бұл жұмыс қазір де қызып жатыр, бірақ ақпаратқа толы заманда әртүрлі әлеуметтік топтардың назарын аудару, барша халықтың пікірін ескеру маңызды.

Мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиі – тәуелсіз Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылудағы жеке таңдауы. Бұл қадам еліміздің әлемдік қауымдастыққа кірігудегі мүмкіндіктерін арттырады.

Поделитесь этой информацией в социальных сетях