цпаси, цпаси нур отан, нур отан, центр, центр политического анализа и стратегических исследований, аналитический центр, центр нур отан, аналитический центр партии нур отан, политика, цпаси нур отан

Руслан Пірназар, эксперт Отдела правовой аналитики Центра политического анализа и стратегических исследований при партии «Нұр Отан»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан болатын.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келгені белгілі. Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады.

Десе де, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылығы ол, - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы және сөз немесе дыбыстың естілуіне қарай жазылуы да солай жазылуы болып табылады.

Сонымен қатар, көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсақ, латын әліпбиіне көшу қиындық тудырмауы ықтимал.

Бүгінгі замануи технологиялар дамыған заманда интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екені белгілі. Яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен.

Латын әліпбиіне көшу тұстарында елімізде тіл тазалығы мәселесі бастама алып (қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқартылады), қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына және қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.

Қазақтың жаңа әліпбиінің Қазақстан Республикасының Президенті көріп, мақұлдаған нұсқасы біздің де көңілімізден шығып отыр. Бұл мұның алдында талқыға түскен нұсқалардың бәрінен де ыңғайлы да тиімді болып шықты. Ең бастысы, осының алдында тіл мамандары мен жалпы жұртшылық арасында үлкен сөз сайысын туғызған таластың негізгі тақырыбына айналған қосарлы таңбалар арқылы жасалатын диграф әріптер жоқ. Ұсынылып отырған жаңа жоба осы күдіктің жайында ескеріпті.

Екіншіден, таңбалар санының едәуір қысқарғаны да қуантады.Сөйтіп бұрынғы 42 таңба 32-ға дейін азайыпты. Бұл жинақталу компьютердің пернетақтасына да артық таңбалар салудан арылтады.

Осы жерде бізде 1929 жылға дейін қолданыста болған араб қаріпіндегі әліпбиде  29 таңба болғанын еске сала кеткіміз келеді. 1940 жылға дейін сол төте жазудың тіліміз дамуына  кедергі келтіре алмағаныда белгілі. Олай болса, жаңа қабылдалғалы отырған әліпбиінен де сондай серпіндер күтеміз.

Поделитесь этой информацией в социальных сетях