цпаси, цпаси нур отан, нур отан, центр, центр политического анализа и стратегических исследований, аналитический центр, центр нур отан, аналитический центр партии нур отан, политика, цпаси нур отан

Жаңалықтар

Астана қаласында Қазақстан Әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтеді

Астана қаласында 2018 жылдың 27-28 қыркүйегінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстандағы әлеуметтанушылар қауымдастығы» (ҚӘҚ) болып табылады.

Конгреске ғылыми-академиялық және сарапшы-аналитик қауымдастықтарының өкілдері, АҚШ Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ және т.б. елдерінен келген сарапшылар,  ҚР парламент депутаттары, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Конгресс қонағы Халықаралық Әлеуметтанушылар Қауымдастығының (ХӘҚ) сайланған вице-президенті, әлеуметтану докторы, Рио-де-Жанейро (Бразилия) Федералды Университетінің профессоры, ХӘҚ Current Sociology журналының редакторы Элоиза Мартин болады.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі «Қазақстанның жаңғырту стратегиясы әлеуметтанулық өлшемде: жаңа құндылықтар, жаңа жүйедегі бағыт-бағдар, жаңа заман» атты тақырыпқа арналған. Конгрес қатысушылары  қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтануының жағдайы мен дамуы туралы өзекті мәселелерді талқылайды.

Екі күндік Конгрес аясында пленарлық отырыс, панельді сессия, мастер-класстар, семинарлар мен тренингтер жүргізіледі. Қазақстан әлеуметтануының қауымдастықтарының өкілдеріне құрмет көрсетіліп, Қазақстан әлеуметтанушылары академиясының жаңа академиктеріне дипломдар табысталады.

Ұйымдастырушылар Қазақстан әлеуметтанушыларының  конгресі осы жылдың маусым айында Торонто қаласында (Канада) өткен Дүниежүзілік әлеуметтанушылар конгресінің паттерндерімен тығыз сабақтастықта өтетінін хабарлайды. Торонтода көп талқыланған  урбанистика мәселесі Қазақстан әлеуметтанушылары Конгресінің «Астана – жетістіктер мекені: Еуразия төріндегі жаңа қала, жаңа идеялар, жаңа шынайылық» атты пленарлық отырысында талқыланады. Қазақстан үшін жаңғырту тұрғысынан территорияны жаңғырту алдыңғы қатарлы маңызды мәселердің бірі.

Конгрестің «Әлемдік үрдістер контекстіндегі «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананың жаңғыруы бағдарламасы атты диалог алаңы қазақстандықтардың құндылықты бағыттарының, азаматтық қоғамның Бағдарламаның жүзеге асуына қатысу және т.б. мәселелерін талқылауға арналған.

Сонымен қатар, Конгрес аясында БҰҰ Даму бағдарламасының «Орталық Азияда зорлық экстремизмінің алдын алу мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың және аймақтық ынтымақтастықтың тұрақтылығын нығайту» атты БҰҰДБ аймақтық жобасының және ЭКСПО-2025 (Осака, Жапония) –  5.0. Қоғамы (сандық технологиялар дамуы нәтижесіндегі адамзат эволюциясының жаңа кезеңі) тұжырымдамасының таныстырылымы болады.

Конгрес жұмысының нәтижесі бойынша ҚӘҚ-ның «Әлеуметтану - Sociology» журналының арнайы басылымы шығарылады.

            Іс-шараның өтетін уақыты мен күні:

27 қыркүйек 2018 жыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жас әлеуметтанушылар форумы өтеді: магистрант, докторант және жас ғалымдар үшін мастер класстар, тәжірибелік семинар, жас әлеуметтанушылар зерттеулерінің таныстырылымы.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жергілікті атқарушы органдар мен аймақтық БАҚ өкілдері үшін тренингтер өтеді.

Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресінің ашылуы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында өтеді.

 

 

Ұйымдастырушы комитет

www.ask-aleumettanu.kz

 

Nur Otan Talks: «Астана: асқақ арман»

Бүгін «Нұр Отан» партиясының қайта жаңғыртылған Nur Otan Talks жобасы аясында елордамыздың белгілі бір белестерді бағындырған тұрғындары бас қосты. «Астана: асқақ арман» деген тақырыппен өткен іс-шара бас қаламыздың 20 жылдық мерейлі мерекесіне арналды. Онда қатысушылар өздерінің жетістікке қалай жеткені жайында кеңінен айтып берді.

«Нұр Отан» партиясының Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институты директоры тағайындалды

Әділ Қожықов партия Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі – «Нұр Отан» партиясының Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институты директоры болып тағайындалды.

ТБСБИ қызметкерлерінің ҚР-да ҚХР-сы елшілігінің қызметкерлерімен кездесуі

Бүгінгі күн Институт қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасында Қытай халық Республикасы елшілігінің өілдерімен кездесуден басталды. Екі тарап қазақ-қытай қарым-қатынастары, сонымен бірге партияаралық ынтымақтастық аясында өзара қызығушылық танытатын өзекті мәселелерді талқылады.

Жаңғырудың жаңа деңгейі

Екі күнге жалғасқан «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі де өз мәресіне жетті. Заманауи трендтер мен технологиялар кеңінен қолданылған бұл ауқымды іс-шараның басты ерекшелігі мүлдем жаңа форматта, тың бағытта өтуінде болды. Нақты айтқанда, бұл жолы негізінен жастардың ой-пікірлері тыңдалып, оларға мейлінше еркіндік берілді.

Президенттің үшінші әлеметтік бастамасы білім сапасы мен студенттердің орналасу жағдайларын жақсартады

Бүгін «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын талқылау аясында «Нұр Отан» партиясы Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтымен «Жатақханаларды қайда салу керек және гранттарды кімге беру керек?» тақырыбында «Nur Otan Trend» кездесуі өтті.

Ел дамуының ерен үлгісі

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіне қолдау білдіріп, оны жүзеге асырудың негізгі тетіктерін талқылау мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысын өткізді.

ҚР Президентінің Іс басқармасы жанындағы «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ қызметкерлерімен кездесу

Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтының сарапшылары ҚР Президентінің Іс басқармасы жанындағы «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ қызметкерлерімен 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді.

«Нұр Отан» партиясының Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институты

Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының 2018 жылғы 19 қаңтардағы №020 нқ бұйрығымен «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы» жеке меншік мекемесінің атауы «Нұр Отан» партиясының Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институты» жеке меншік мекемесі болып өзгертілгендігін хабарлаймыз.

«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы мен Финляндияның ғылыми орталықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы финдік «ми орталықтарымен» ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Туризм – Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты

2017 жылдың 5 желтоқсанында  «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және cтратегиялық зерттеулер орталығы (СТСЗО) «Туризм – Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты» тақырыбында «Зерде» сараптама клубының отырысын өткізді.

"Нұр Отан": партиялық жаңғыру жөнінде еркін пікірталас бастау алды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы «Жаңғыру мен жаңа идеялар арқылы жарқын болашаққа» атты Nur Otan Talks конференциясын өткізді. Онда қатысушылар Қазақстанның үшінші жаңғыруы және партиялық жаңғыру мәселелерін талқылады.

Елбасының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

Жиынға Саяси кеңес мүшелері – Үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында заң жобасы талқыланды

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Әріптестіктің жаңа биігі: Финляндия Республикасына «Нұр Отан» партиясы «ми орталығының» алғашқы жұмыс сапары

«Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының делегациясы партия Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі Жанна Құрманғалиева басшылығымен Финляндия Республикасына жұмыс сапарымен барды.  

ЭКСПО – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды импульсі

«Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Кучинская Ю.В. елдің жетекші сарапшылары мен мемлекекеттік органдар және жеке меншік компаниялар өкілдерінің қатысуымен 2017 жылғы 30 қыркүекте Алматыда өткен «ЭКСПО-2017: Қазақстанның жаңғырушылық ілгерілігі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

«Нұр Отан» партиясы делегациясының Финляндиядағы қазақстандық студенттермен кездесуі

2017 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігінде «Нұр Отан» партия делегациясының фин университеттерінде білім алушы қазақстандық студенттер және тағылымгерлермен кездесуі өтті.

«Зерде» сараптамалық клубында Фискалдық орталықсыздандыру саясатын талқылады

Бүгінде фискалдық орталықсыздантыру аясында жергілікті атқару органдарының дербестігін арттыру қажет. Бюджет шығындарын оңтайландыру маңызды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы мен «Зерде» сараптама клубы өткізген «Фискалдық орталықсыздандыру саясаты» атты жиында айтылды.

«ЭКСПО-2017: Экономика. Энергетика. Экология» халықаралық семинары

2017 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «ЭКСПО-2017: Экономика. Энергетика. Экология» халықаралық семинары өтті.

Жастар саясаты: еуразиялық кеңістіктегі өзара әрекеттестік нүктелері

«Нұр Отан» партиясы СТСЗО Қоғамдық-саяси зерттеулер және болжау бөлімінің бас сарапшысы Татьяна Липина ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Минск қ. (БР) өткен «Жастар және еуразиялық бірлесу: жақтаушылар немесе даттаушылар» Еуразиялық азаматтық альянстың төртінші отырысына баяндамамен қатысты.

Рухани жаңғырудың берік іргетасы

Мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып болып отыр. Осыған орай әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде қызу талқылау жұмыстары жүргізіліп, тың бастаманың тиімді тұстары кеңінен насихатталуда. Ке­ше өткен Демократиялық күштердің «Қа­зақстан – 2050» жалпыұлттық коалиция­сының кезекті отырысында да жаңа қазақ алфавитінің бірыңғай стан­дарттары сөз бол­ды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед­тің жетекшілігімен өткен жиын­ға еліміздегі саяси партиялардың басшы­лары, Үкімет мүшесі, Парламент де­­путат­тары мен белгілі қоғам қайраткер­лері, этно­мә­дени бірлестіктер мен жастар өкілдері қатысты.